Бұл туралы ұйымдағы Ресей өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский өзінің Telegram-каналында жазған. Оның айтуынша, бұған украиналық инфрақұрылымға жасалған соққылар себеп болған. Владимир Зеленский Киевтің атынан шығуға ниетті.
Бүгін таңертең бүкіл Украинада әуе дабылы соғылды. Киев, Одесса және Львов сияқты бірнеше қалада энергетикалық нысанға жасалған шабуылдардан кейін электр энергиясы толығымен өшті. Көптеген ауданда су беру де тоқтап, Оңтүстік Украина атом электр станциясында энергоблоктар істен шықты, Ровно атом электр станциясы авариялық жұмысқа ауыстырылды. Украинаның Энергетика министрлігі елдегі барлық атом электр станциялары мен жылу электр стансалары, су электр станцияларының көпшілігі уақытша токтан ажыратылғанын, электр энергиясын тұтынушылардың басым көпшілігі электр қуатынсыз қалғанын хабарлады.