БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұма күні Газада атысты тоқтату туралы қарарға дауыс береді

443

Бұл қарар БҰҰ Жарғысының 99-бабына сәйкес қарастырылуда. 

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұма күні Газада атысты тоқтату туралы қарарға дауыс береді Фото: un.org

Біріккен Араб Әмірліктері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жұма күні Газа секторында дереу гуманитарлық атысты тоқтатуды талап ететін қарар жобасына дауыс беруге шақырды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш сәрсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесіне хат жолдап, БҰҰ Жарғысының 99-бабын 2017 жылы БҰҰ басшысы қызметіне кіріскеннен бері алғаш рет қолданды.

"Бас хатшы Қауіпсіздік Кеңесінің назарына халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қауіп төндіретін кез келген мәселелерді жеткізуге құқылы", – деп көрсетілген БҰҰ Жарғысының 99-бабында.

Сондай-ақ, Бас хатшы өз жолдауында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін гуманитарлық апатты болдырмауға және гуманитарлық атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін күш салуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу