БҰҰ: Қауіпсіздік кеңесінде жаңа мүшелер қызметін бастады

495

Алғаш рет Мозамбик пен Швейцария БҰҰ-ның ең ықпалды органының мүшелері атанды.    

БҰҰ: Қауіпсіздік кеңесінде жаңа мүшелер қызметін бастады Фото: trt.net.tr

Эквадор, Жапония, Мальта, Мозамбик пен Швейцария маусым айында баламасыз дауыс беруде жеңіске жетіп, екі жыл мүше болуға рұқсат алған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ресми қабылданды, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

2018 жылы Қазақстан бастаған дәстүр бойынша бес елдің елшілері Қауіпсіздік кеңесінің мәжіліс залына кіре берісте өздерінің мемлекеттік туларын орнатты.

Мозамбик Елшісі Педро Комиссаро Афонсо бұл оқиғаны "тарихи күн" деп бағаласа, Швейцария елшісі Паскаль Барисвилл БҰҰ-ның ең ықпалды органына алғаш мүше болып отырған ел ретінде "үлкен жауапкершілікті сезінетінін" айтты.

Алайда басқа елдер бірнеше рет мүше болған: Мальта екінші рет Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, Эквадор төртінші, ал Жапония он екінші рет сайланды.

Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания мен АҚШ - вето құқығы бар Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері.

193 мемлекеттен тұратын БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын кеңестің бес тұрақты емес мүшесін екі жыл мерзімге сайлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу