БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің эмбаргосын бұзған әуе компаниялары анықталды

610

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі үш компанияның пайдаланушысы сертификатын уақытша тоқтатты.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің эмбаргосын бұзған әуе компаниялары анықталды

Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Ведомство ұсынған деректерге сүйенсек биылғы жылдың ақпан айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларының бұзылуы бойынша хаттарды ұсынған. 

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, БҰҰ ҚК эмбаргосын Қазақстанда тіркелген "Azee Air" ЖШС, "Sigma Airlines" ЖШС, "Jenis Air" ЖШС үш әуе компаниясының ұшақтары бұзғанын анықтады. 

Аталған тасымалдаушылардың әуе кемелерінің меншік иелері Біріккен Араб Әмірліктерінде ("AGANYA LTD") және Британдық Виргин аралдарында ("Infinitive Seal Inc.") тіркелген шетелдік компаниялар болып шықты. 

"Аталған әуе кемелері Таяу Шығыс аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылған. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясы бар елдерге рейстер үшінші елдердің аумағынан жүзеге асырылды. Халықаралық практикаға сәйкес шетелде тасымалданатын жүктердің сипатын пайдаланушы мемлекет, яғни Қазақстан тарапы бақыламайды, керісінше ұшулар жүзеге асырылатын шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары бақылайды", - деп хабарлады министрлік. 

Соған сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының, ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Бас директорының 2020 жылғы 29 мамырдағы №167/1 бұйрығына сәйкес  аталған үш әуе компанияның пайдаланушысы сертификатын, оның ішінде "Sigma Airlines" ЖШС пайдаланушы сертификатының қолданылуын уақытша тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу