БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі тоқырауға түскені жасырын емес - Тоқаев

Осындай кезде Бас Ассамблеяның рөлін күшейту керек.  

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі тоқырауға түскені жасырын емес - Тоқаев Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі тоқырауға түскені жасырын емес. Осындай кезде Бас Ассамблеяның рөлін күшейту керек.  Бұл ретте Қауіпсіздік Кеңесін реформалау ісінде мейлінше сындарлы болу қажет. Біздің ойымызша, бұл маңызды орган әлемнің барлық аймағын қамтитын мемлекеттермен толығуға тиіс. Әсіресе, жаһандық Оңтүстік елдері тыс қалмауы керек", – деді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдегі күрделі үдерістерге қатысты түркі елдерінің іс-қимылдары барынша байыпты болғаны жөн. 

"Бұл тұрғыда түркі интеграциясын бекемдей түсуге баса мән бергеніміз абзал", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу