БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушінің міндетін уақытша атқарушыны тағайындады

139

Бүгін Стивен О'Малли мырза БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі міндетін уақытша атқарушы қызметіне кірісті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушінің міндетін уақытша атқарушыны тағайындады Фото: БҰҰ баспасөз қызметі

БҰҰ-ның хабарлауынша, даму және гуманитарлық салада 25 жылдан астам тәжірибесі бар О'Малли мырза бұл қызметте Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге үлес қосады.

Соңғы 30 жылда БҰҰ Қазақстанда 400-ден астам жобаны іске асырды. Бұл бастамалар елдегі теңсіздікті азайту, мемлекеттік институттарды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және халықтың ең осал топтары — балалар, әйелдер, қарттар, мигранттар мен босқындарды қолдауға бағытталған. Жобалар ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейлерде жүзеге асырылып, тұрақты дамуға қолдау көрсетуде маңызды рөл атқаруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу