БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі 29 шілдеде Украинадағы жағдайды талқылау үшін отырыс өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz кеңес жұмысының кеңейтілген бағдарламасына сілтеме жасап.
Жиында Ыстанбұлда украиналық астықты экспорттау бойынша қол жеткізілген келісімге, сондай-ақ ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштарға қатысты мәселелер қарастырылады.
Еске сала кетсек, 22 шілдеде Ыстанбұл қаласында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдауға қатысты мәміле жасалды. Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойған болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото: afp.com