БҰҰ ҚК комитеттерінің отырысы Қазақстанның төрағалығымен өтеді

999

БҰҰ ҚК комитеттерінің отырысы Қазақстанның төрағалығымен өтеді

3 қаңтарда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде  Кеңестің 2017 жылғы алғашқы отырысына қатысты, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Отырыс барысында  Қауіпсіздік Кеңесінің 2017 жылғы қаңтардағы жұмыс бағдарламасы бекітілді, делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта.

БҰҰ ҚК комитеттерінің Сомали және Эритрее бойынша, сонымен қатар лаңкестік топтармен күрес жөніндегі отырыстары Қазақстанның төрағалық етуімен  өтеді.

Сондай-ақ, қаңтарда Кипр және ОАР-дағы ахуал бойынша, сондай-ақ  Сирия Араб Республикасында химиялық қаруға байланысты жағдай бойынша, егер ҚК мүшелері арасында бәтуаға қол жеткізілген жағдайда  Қауіпсіздік Кеңесінің жоспарлы қарары қабылданады деп жоспарланған.

4 қаңтарда  Сириядағы (елде химиялық қаруға қатысты жағдай) және Ирактағы (гуманитарлық аспект) ахуал бойынша Кеңестің жабық кеңесулері өтеді.

Отырыста Қазақстан делегациясына  Қазақстан Республикасының істері бойынша уақытшы сенімді өкілі Барлыбай Садықов жетекшілік етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу