БҰҰ қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлердің қызметімен танысты

211

Генерал-майор Анита Асма ұлттық контингенттің қызметін жоғары бағалап, әскери қызметшілермен кездесті.  

БҰҰ қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлердің қызметімен танысты Фото: gov.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштерінің (UNDOF) қолбасшысы, генерал-майор Анита Асма Голан жоталарында қызмет атқарып жатқан қазақстандық бітімгерлік контингентке барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар барысында ол әскери қызметшілердің қызметті ұйымдастыруымен танысып, инфрақұрылым нысандарын, инженерлік техниканы және жедел басқару құралдарын қарап шықты. Сондай-ақ БҰҰ-ның бақылау бекеттерін аралады.

Генерал-майор Анита Асма қазақстандық бітімгерлермен кездесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметті ұйымдастыру, атысты тоқтату режимін сақтау және бөліну аймағын бақылау бойынша атқарылып жатқан міндеттерді талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу