Атаулы күнге орай жер-жерде түрлі іс-шаралар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Ұйым халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қолдау және нығайту, сондай-ақ елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін құрылған.
Жалпы "Біріккен Ұлттар" атауын АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельт ұсынды. Декларация Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. Бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан. Құрамында 190-нан астам мемлекет бар.
Ал Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл. 1992 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында еліміздің өтінішін қарап, Бас Ассамблеяға "Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды" ұсынатын қарарды бірауыздан мақұлдады.