БҰҰ мен Судан терроризмге қарсы меморандум қабылдады

952

БҰҰ мен Судан терроризмге қарсы меморандум қабылдады

Суданның терроризмге қарсы комиссияның төрағасы мен БҰҰ терроризмге қарсы тұратын жаңа бағыттарды қамтыған меморандумға қол қойды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Аталмыш меморандум аясында Судан терроризмге қарсы комиссияның төрағасы Мұхаммед Жамал және БҰҰ-ның Судандағы өкілі Силвия Рамашандиран тараптары келіссөздер жүргізіп, алдағы уақытта терроризмге қарсы бірлесе күш жұмылдыратынын атап өтті.

Меморандумның мазмұнында терроризмның ықпалына тез кіретін жастармен жұмыс жасау бағыттары басты назарға алынған. Сонымен қатар, теріс ағымның жетегінде кеткендерге қандай да бір демеу болар көмек жолдары да қарастырылған. Осындай жұмыстарға байланысты ендігі жерде Судан үкіметі мен БҰҰ тығыз байланыста болды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу