БҰҰ миссиясына жіберілетін әскери қызметші қайтыс болса қанша өтемақы берілетіні айтылды

548

Голан биіктеріне баратын бітімгершілік миссиясының құрамында 7 әйел бар. 

БҰҰ миссиясына жіберілетін әскери қызметші қайтыс болса қанша өтемақы берілетіні айтылды Фото: Inbusiness.kz

Қорғаныс министрлігі бітімгершілік миссияға қатысатын қазақстандық сарбаздарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ өкілдері "Біздің әскерилер жарақат алса, өтемақы төлене ме?" деп сұрады.

"Заңнамаға сәйкес қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы 60 лауазымдық айлық жалақы көлемінде ақша алады. Сонымен қатар 77 мың АҚШ доллар БҰҰ-мен төленеді. Мүгедектікке немесе басқа да жарақат алуына байланысты, тиісті комиссия құрылып, солар айқындайды. 139 әскери қызметшінің ішінде 7 әйел азамат бар", - деді Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов.

Өз кезегінде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мұндай жағдайлардың болуына жол берілмейді деп сендіріп отыр. Оның сөзінше, мемлекет әлеуметтік қамтамасыз ету бағытында толық міндеттемені алады.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов Голан биіктеріндегі БҰҰ миссиясы 1974 жылдың 31 мамырында құрылғанын баса айтты. Лагерь Фауар деген жерде орналасатын болады.

"Рота Голан биіктеріндегі миссияға жолданады. Ротаның саны – 139 адам. Бұдан бөлек 15 брондалған машина, 6 жүріп өту мүмкіндігі бар арнайы автомобиль, 4 камаз, 1 микроавтобус та бар. Техника БҰҰ ұсынымдары бойынша іріктеп алынды. Миссияда бас-аяғы 5 мемлекет қатысып жатыр. Біз солардың бірі боламыз", - деді полковник Олжас Құсайынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу