3 жылға созылған Ирактың Мосул қаласындағы қақтығыстың салдарынан бүгінде көптеген жас балалар қамқорлықсыз қалып өзгенің жылуына мұқтаж болып отыр. Осыған байланысты БҰҰ-нің балалар құқын қорғау агенттігі (ЮНИСЕФ) Мосулда асыраушысыз қалған 650 мыңға жуық баланы қорғауға шақырды, деп хабарлайды kazislam.kz.
"Бүгінде Мосул қаласында тұрып жатқан балалардың өмір сүру салты қорқынышты. Олар қаладағы үздіксіз қарулы қақтығыстың салдарынан психологиялық тұрғыда зардап шеккен. Бүгінде осындай балдардың саны 650 мыңнан асып жығылады. Сондықтан оларға дер кезінде жәрдем көрсетпесек, олардың болашағы бұлыңғыр болып қалуы әбден мүмін", - деді аталмыш агенттіктің Ирактағы өкілі Хамида Рамадхан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу