Біріккен Ұлттар Ұйымының әлемнің түкпір-түкпіріндегі шамамен 500 қызметкері Covid-19 ауруына шалдыққан. Оның 50-і – Женевада. Бұл туралы ұйымның осы қаладағы кеңсесінің бас директоры Татьяна Валовая мәлім етті.
Оның сөзінше Женевадағы штаб-пәтерде вирусты жұқтырудың 8 фактісі тіркелген екен. "Олардың жағдайs орташа. Өкінішке орай, бірқатар ұйымның жұмысшsлары қайтыс болды деген мәліметтер жарияланды. Бірақ біз өз қоластымыздағыларды қауіпті індеттен қорғау жолында қолдан келгенді істедік", – деді Валовая.
Сонымен қатар ол маусым айынан бастап ұйым әдеттегі режимге көшетінін мәлім етті. Бірақ қызметкерлер сақтық шаралары мен қашықтық сақтауы міндеттеледі. Сондай-ақ келесі айда ұйымның штаб-пәтерінде қоғамдық шаралар да ұйымдастырыла бастайды.
Табиғат Нұрболат
Фото: hurriyetdailynews.com