БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесі 43-ші сессияның бірнеше шарасын уақытша ұйымдастырмайтын болды. Бірақ маңызды деген отырыстар өткізілмек. Кеңес президенті Элизабет Тичи-Фиссльбергер осылай деді. Айтуынша, бұл – әлемді жайлаған эпидемияға байланысты қабылданып отырған сақтық шарасы.
БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валовая Кеңес президентіне шараларды өткізбеу туралы шұғыл хат жіберіпті. Құжатта сонымен қатар негізгі сессия кезіндегі басқа да кездесулерді болдырмауға және 43-ші сессияның қатысушыларына Женеваға жол жүрмеуіне, отырысқа видеобайланыс арқылы қатысуға кеңес берілген. Ұйымның адам құқығы жөніндегі кеңесінің сессиясы Женева қаласында 24 ақпан пен 20 наурыз аралығында өтеді.
Табиғат Нұрболат