БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Қазақстанға келеді

781

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк 13 наурыздан бастап Орталық Азияның екі елінің шақыруымен Қазақстан мен Өзбекстанға бес күндік сапармен келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Қазақстанға келеді Фото: apnews.com

Жоғарғы комиссар Қазақстанға 16-17 наурыз аралығында келеді. Ол 17 наурызда Астанада баспасөз мәслихатын өткізеді. Оған тек БАҚ өкілдері қатысады.

Фолькер Тюрк сонымен қатар Қарақалпақстан астанасы – Нүкіс қаласында болып, адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған іс-шарада сөз сөйлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу