БҰҰ-ның алғашқы гуманитарлық жүгі Сирияның солтүстік-батысына жетті

680

Алғашқы гуманитарлық көмек машиналарының колоннасы Сирияның солтүстік-батысына келді.   

БҰҰ-ның алғашқы гуманитарлық жүгі Сирияның солтүстік-батысына жетті Фото: arabmir.net

Уақытша шатырлар мен жеке күтім заттары бар алты жүк көлігі БҰҰ көлігінің сүйемелдеуімен Алеппо провинциясындағы Баб эль-Хава өткізу пункті маңында шекарадан өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Бұл көмекті Сирия-түрік шекарасына жақын Джиндирес тұрғындары алады. Қазір қала толығымен жойылған, мұнда кем дегенде 800 адам қайтыс болды, үш мыңға жуық адам зардап шекті.

Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлу Анкара гуманитарлық жүктерді жеткізу үшін Сириямен шекарада екі қосымша шекара өткелін ашу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Ол Сирияның осы аймағындағы жолдардың бір бөлігі апатты жер сілкінісі салдарынан қирап, түрік және халықаралық көмек тасымалдауда қиындықтар туындағанын хабарлады. Оның айтуынша, Түркия осындай сұраныстар түскен кезде Сирияға шетелдік көмек жеткізуді жеңілдетуге барын салуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу