Антониу Гутерриштің ұшағы елорда әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды 24.kz.
Лауазымды тұлға ШЫҰ саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр. Себебі Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен БҰҰ арасында әріптестік туралы келісім бар.
Былтыр Гутерриш Қазақстан Республикасына келіп, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын. Президент біздің ел БҰҰ-ның барлық бастамаларын толыққанды қолдайтындығын алға тартқан еді. Сондай-ақ елбасы 2015 жылы Бас ассемблеяның 70-сессиясында сөз сөйлеген болатын.
Естеріңізге салайық, Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі болып 1992 жылы атанды. 25 жыл ішінде қос тарап арасында тығыз байланыс орнап, ынтымақтастығымыз жарады деп айтуға толық негіз бар. Осы уақыт аралығында ұйым біздің елде жүзеге асқан бірқатар макроэкономикалық реформаға өз қолдауын көрсетті. Денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салаларында да бірнеше жобаны бірлесіп жүзе асырды.
Айта кетейік, қазір елімізде беделді ұйымның 15 өкілдігі бар.