БҰҰ-ның бас хатшысы келесі пандемияға дайындалуға шақырды

1224

27 желтоқсанда халықаралық эпидемияға қарсы дайындық күні атап өтіледі. 

БҰҰ-ның бас хатшысы келесі пандемияға дайындалуға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш COVID-19 пандемиясы ең соңғы індет еместігін, сондықтан келесісіне дайындала беру керектігін мәлім етті. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"COVID-19 адамзат тарихындағы соңғы пандемия болады деуге болмайды. Қазір біздер денсаулық саласындағы дағдарыспен күресіп жатырмыз. Бірақ біз келесісіне дайын болуымыз керек", – деді Гутерриш.

Ол кезекті пандемия өршісе, онымен күрес жүргізу үшін тиісті мөлшерде инвестиция бөлу керектігін атап өтті. 

Ескере кететін жайт, 27 желтоқсанда халықаралық эпидемияға қарсы дайындық күні атап өтіледі. Оны БҰҰ өткен жылдың қараша айында бекіткен еді.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустық пандемия 2022 жылы аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, әлем халқының 70%-ы келесі жылдың ортасына дейін вакцина ектірген жағдайда ғана індет басылады. Гебрейесус "омикрон" "дельтаға" қарағанда едәуір тезірек жұғатынын және бұл штамның вакцинацияланғандар мен бұрын ауырғандар үшін де қауіпті екенін растады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу