БҰҰ-ның Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қарарына дауыс беру төртінші рет кейінге шегерілді

257

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі құжатты талқылауға алдын ала 22 желтоқсанда оралуы қажет. 

БҰҰ-ның Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қарарына дауыс беру төртінші рет кейінге шегерілді Фото: pixabay.com

БҰҰ-ның Газадағы соғыс қимылдарын тоқтату туралы қарарына дауыс беруі тағы да кейінге шегерілді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс қимылдарын тоқтату және Газа секторына гуманитарлық көмекті арттыру туралы үндеулер көрсетілген.

Қарар бойынша дауыс беру төртінші рет 22 желтоқсанға ауыстырылды. Алайда, телеарна атап өткендей, дауыс беру мерзімі қайтадан өзгеруі мүмкін. Бұған дейін, дереккөздер БҰҰ-ның Газа секторына түсетін көмекті бақылау тетігін құру туралы ұсынысы негізгі кедергілердің бірі болып қала беретінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу