БҰҰ-ның ҚК терроризммен күрес тетігінің мандатын төрт жылға ұзартты

920

Терроризмге қарсы комитеттің атқарушы директораты саяси миссия ретінде 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмыс істейді. 

БҰҰ-ның ҚК терроризммен күрес тетігінің мандатын төрт жылға ұзартты

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі терроризммен күрес тетігінің мандатын төрт жылға, яғни 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы қарарды бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Қауіпсіздік Кеңесінің 1373 және 1624 антитеррористік қарарларының негізгі ережелерінің орындауын қадағалайтын құрылым – терроризмге қарсы комитеттің атқарушы директораты. 2001 жылы АҚШ-тағы лаңкестік әрекеттерден кейін қабылданған алғашқы құжатта барлық елдер террористік актілерді қаржыландыруға және осы әрекетке қатысы бар адамдар мен ұйымдардың қолдауына жол бермеуі және тыйым салуы керек деп жазылған. 

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі атқарушы директорат саяси миссия ретінде 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмыс істейтінін мәлім етті. 

Ескере кететін жайт, бұл директорат терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес және соған байланысты заңнамалық шаралар, шекаралық және кедендік бақылау, құқық қорғау қызметі, көліктегі қауіпсіздік, қару-жарақ саудасы, сондай-ақ адам құқығының сақталуын бақылау сияқты баяндамаларға талдау жүргізеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу