Қуанышқа орай, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Guardian-ға сілтеме жасап.
Өрт шыққан павильоннан адамдар сыртқа шығарылған. Оқиға жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды толық сөндірген.
– Өрттің неден шыққаны тергеу барысында анықталады, бірақ мен оның қасақана жасалған қылмыс екеніне күмәнім бар, – деді Бразилияның туризм министрі Селсо Сабино.
Өрт конференциядағы талқылауларға барынша кедергісін келтірген, себебі келіссөздердің соңғы кезеңі жақындап қалған еді.
– COP30-дағы БҰҰ-ның климат жөніндегі жұмысын, халықтық пленарлық отырысты бұзып, келіссөздерге кедергі келтірген өрт, өкінішке қарай, айқын метафораға айналды, – деді АҚШ-тан келген белсенді Джес Веспонте.
Бұған дейін Бразилияның Белем қаласында климаттың өзгеруіне байланысты өткен БҰҰ-ның 30-шы конференциясында 12 елден тұратын топ климаттың өзгеруі туралы декларацияға қол қойғаны хабарланған.