БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік ұйымында жұмыс істейтін Малайзияның екі азаматы КХДР-дан шығып кетті, делінеді ұйымның бейсенбі күні таратылған мәлімдемесінде.
"Олар өз мемлекеттерінің өкілі емес, халықаралық ұйымның қызметкерлері болып табылады. Олар КХДР Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының бағдарламалары бойынша жұмыс істейді", – делінген мәлімдемеде.
Малайзиялық екі азамат Пхеньяннан Бейжіңге жетті.
7 наурызда Пхеньян Малайзия азаматтары үшін Солтүстік Корея шекарасынан асуға тыйым салған еді. Оған жауап ретінде Малайзия Куала-Лумпурдағы КХДР елшілігінің қызметкерлеріне елден кетуге тыйым салған болатын.
Биылғы жылдың ақпанында Куала-Лумпур әуежайында Солтүстік Кореяның азаматы өлтірілген соң Малайзия мен Пхеньян арасындағы жағдай ушығып кеткен. Бұқаралық ақпарат құралдары марқұм КХДР басшысының ағасы болып келетінін хабарлады.