БҰҰ Палестина мен Израиль мәселесін 14 мамырда талқыламақ

842

10 және 12 мамырда өткен отырыстарда қос ел арасындағы қақтығысқа қатысты ортақ мәмілеге келе алған жоқ.

БҰҰ Палестина мен Израиль мәселесін 14 мамырда талқыламақ

Тунис, Норвегия және Қытай елдері Палестина мен Израиль арасындағы шиеленістің ушығуын талқылау үшін жақын арада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық отырысын өткізуін сұрап, арнайы құжат тапсырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Отырысты өткізу-өткізбеуге қатысты шешімді Қауіпсіздік Кеңесінің мамырдағы төрағасы етіп бекітілген Қытай қабылдайды. 

10 және 12 мамырда өткен отырыстарда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі қос ел арасындағы қақтығысқа қатысты ортақ мәмілеге келе алмады. ТАСС дерегіне сүйенсек, АҚШ-тың осы жағдайға қатысты ұстанымы келісіссөздердің сәтті өтуіне кедергі келтіріп отырған көрінеді. 

10 мамырда Израиль әскері мен Газа секторындағы палестиналық топтар арасында қақтығыс басталды. Бұған Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіндегі тәртіпсіздіктер себеп болды. Сол кездегі шабуыл салдарынан 700-ден астам палестиналық зардап шеккен болатын. Қос тарап сол күннен бері бір-біріне зымыранмен шабуылдауда.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу