Шешім Газа секторындағы 165 мың тұрғын мен Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы 27 мың тұрғынға әсер етейін деп тұр, деп хабарлайды 24.kz.
Палестина әкімшілігі шешімді "әділетсіз" деп, ұйымды шешімін қайта қарауға шақырды.
Ал тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, палестиналықтарға тегін азық-түлік тарату тиімсіз. Себебі осындай көмектің салдарынан аймақта шағын және орта бизнес тежеліп тұр. Тұрғындар тамақты тегін алатындықтан, еңбек етуге талпынбайды дейді олар.
Ресми дерекке қарағанда, келесі жылы Палестинаға азық-түліктік қолдау көрсету үшін кем дегенде 350 миллион доллар қаржы керек екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу