БҰҰ Палестинаны қалпына келтіруге қанша қаржы кететінін айтты

Шығындардың 30 пайызы баспанаға жұмсалады деп болжанған. 

БҰҰ Палестинаны қалпына келтіруге қанша қаржы кететінін айтты Фото: aljazeera.com

Мамандар Газаның толық қалпына келуі Палестина билігіне де байланысты екенін еске салады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның серіктестері жариялаған соңғы есепте Газа секторы мен басып алынған Батыс жағалауды қалпына келтіруге алдағы он жылда 53,2 миллиард АҚШ доллары қажет болмақ. 

News.un сайты БҰҰ-ның "Шығындар мен қажеттіліктерді бағалау есебі" деп аталатын баяндамасын жариялаған. 

Есепте Палестинадағы соғыстан зардап шеккен инфрақұрылымды қалпына келтіру құны 29,9 миллиард АҚШ долларын құрайтынын, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік салаларды қалпына келтіруге 19,1 миллиард АҚШ доллары кететіні айтылады. 

Жұмсалатын жалпы шығындардың 30%-ы баспанаға бағытталады. Бұл – 15,2 миллиард АҚШ долларына тең.

БҰҰ-ның басып алынған Палестина территориясындағы гуманитарлық үйлестірушісі Моханнад Хади Газаның толық қалпына келуі Палестина билігіне де байланысты екенін ашық айтқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу