БҰҰ пандемия кезінде жазалау шараларын жүргізбеуге шақырды

1080

Антониу Гуттериш осы орайда өзінің кезекті үндеуін жариялады.

БҰҰ пандемия кезінде жазалау шараларын жүргізбеуге шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериш жаңа коронавирус індеті адам құқығы саласының дағдарысына әкеліп соғуы мүмкін екенін айтып, барлық елдерді қазіргі жағдайда жазалау шараларын қабылдамауға шақырды. Бірақ нақты қандай шара екенін ол ашып айтпады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

"Кей елдердегі этноұлтшылдық, популизм, авторитаризм мен адам құқығының тапталуы жағдайында қазіргі дағдарыс оларды орынсыз жазалау шараларын қабылдауға итермелеуі мүмкін. Дәл қазіргі сәтте мемлекеттер ашықтық, жедел әрекет ету және жауапкершілікті қамтамасыз етуі тиіс", – деді Гуттериш өзінің баяндамасында.

"Біз төтенше жағдай режимінің заңды, қажетті, тиісті деңгейде енгізіліп, кемсітушіліктен ада болуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Төтенше жағдай кезіндегі шаралардың нақты бағыт-бағдары мен мерзімі белгіленуі керек және олар халықтың денсаулығын сақтау мақсатында барынша жұмсақ болуы шарт", –деген үн тастады ұйымның бас хатшысы.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 2,6 милионнан асып, оның 180 мыңы қайтыс болған. АҚШ вирус жұқтыру және аурудан қаза табу көрсеткіші көш бастап тұр. Ондағы науқастардың саны 830 мыңнан асып, елдің 46 мың азаматы дерттен көз жұмған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу