БҰҰ Польша аумағына Ресей дрондарының кіруіне байланысты шұғыл жиын өткізбек

130

Польша СІМ-нің мәліметіне сәйкес, Варшава кеңесті шақыру туралы өтініш жолдаған.   

БҰҰ Польша аумағына Ресей дрондарының кіруіне байланысты шұғыл жиын өткізбек Фото: AFP

Польша әуе кеңістігіне кірген Ресей дрондарына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл жағдай сәрсенбіге қараған түні болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елдің шығысынан белгісіз ұшқышсыз аппараттар кірген. Бір дрон құлап, жеке тұрғын үй мен жанында тұрған автокөлікке зақым келтірген. Қалғаны дер кезінде залалсыздандырылған.

Польша билігі бұл қадамды ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп бағалап отыр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдай НАТО шекараларының қорғалуына қатысты жаңа талқылауларды күшейтуі ықтимал.

Польша Премьер-министрі Дональд Туск оқиғадан кейін Үкіметтің шұғыл отырысын өткізді. Әскерилер болған жағдайды "агрессия әрекеті" және "масштабы жағынан бұрын-соңды болмаған әуе кеңістігін бұзу" деп атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу