БҰҰ Ресей астығын экспорттауға шектеулерді алып тастауға уәде берді

610

БҰҰ Ресей Федерациясына жақын арада астық мәмілесіне сәйкес ресейлік азық-түлік экспортына шектеулерді алып тастауға уәде берді. 

БҰҰ Ресей астығын экспорттауға шектеулерді алып тастауға уәде берді Фото: reuters.com

Бұл туралы Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский дүйсенбіде "Известия" ақпарат көзіне берген сұхбатында жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"БҰҰ бізге нәтиже болады деп уәде берді",-деді дипломат. — [Мәмілені ұзарту туралы] шешім қабылдаған кезде біз мәміленің ресейлік бөлігін орындау тиімділігі мен БҰҰ жұмысының нәтижелілігін бағалайтын боламыз", - деді ол.

Полянскийдің хабарлауынша, "БҰҰ-ның 18 қарашаға дейін өз міндеттемелерін орындауға уақыты бар - бұл күн қазіргі мәміленің толықтай орындалуына берілген "мерзім" ретінде бекітілген.

Ресей 2 қарашада Украина БҰҰ мен Түркияның араласуымен Қара теңіздегі қауіпсіздік дәлізін әскери мақсатта пайдаланбайтынына жазбаша кепілдік бергеннен кейін астық мәмілесіне қатысуды қайта бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі. https://inbusiness.kz/kz/last/resej-astyk-mamilesine-kajta-kosylatyn-boldy  Мәскеуде егер Киев өздеріне берілген кепілдіктерді бұзса, Келісімнен шығу құқығын өздеріне қалдырамыз деп мәлімдеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу