БҰҰ Ресейді еуропалық спутниктерге кедергі келтірмеуге шақырды

230

Халықаралық телекоммуникация одағының комитеті Ресейді Еуропа елдерінің спутниктерінің жұмысына кедергі келтіруді, соның ішінде GPS сигналын өшіруді тоқтатуға шақырды.  

БҰҰ Ресейді еуропалық спутниктерге кедергі келтірмеуге шақырды Фото: EPA/NASA/dpa/picture alliance

Халықаралық электробайланыс одағының (ХЭО) комитеті (БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі) Ресейден еуропалық спутниктік жүйелердің жұмысына араласуды тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай әрекеттерге Украина, Франция, Нидерланды, Швеция мен Люксембург шағымданды.

Бұл елдер соңғы айларда GPS навигациялық жүйесінің спутниктері үлкен кедергілерге тап болғанын, әсіресе ұшақтардың ұшуын басқаруға кедергі келтірілгенін алға тартты. Сонымен қатар, балалар телеарналарының эфирі Украинадағы соғыста түсірілген, қатыгездік бейнеленетін бейнематериалдармен үзілді.

ХЭО-да кедергі тудырған сигналдар "Мәскеу, Калининград пен Павловка аудандарында орналасқан жерүсті станцияларынан шыққан сияқты" деп атап өтілді. Мекеме бұл мәселеге "қатты алаңдаушылық" білдірді, Ресей Федерациясын мұндай әрекеттерді тоқтатуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу