БҰҰ Ресейдің ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындау туралы шешіміне алаңдаушылық білдірді

1047

Ресейдің бұл қадамын АҚШ, ЕО, Түркия, Жапония, Канада, Ұлыбритания, Молдавия, Грузия және тағы да басқа елдер айыптады.

БҰҰ Ресейдің ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындау туралы шешіміне алаңдаушылық білдірді

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресейдің ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындау туралы шешіміне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның пікірінше, бұл шешім Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзып, БҰҰ жарғысының қағидаларына қайшы келіп отыр.

"Бас хатшы Украинаның шығысындағы қақтығысты 2015 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен қолдау көрсетілген Минск келісімдеріне сәйкес бейбіт жолмен шешуге шақырады", – деді БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы.

Бас хатшының айтуынша, БҰҰ Украинаның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығын қолдауды жалғастырады.

Гуттерриш барлық тараптарды соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға, сондай-ақ бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылым нысандарын қорғауға шақырды.

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.

Ресейдің бұл қадамын АҚШ, ЕО, Түркия, Жапония, Канада, Ұлыбритания, Молдавия, Грузия және тағы да басқа елдер айыптады. 

Оңтүстік Осетия және Абхазия әзірге Путиннің бұл шешімін қолдады. Беларусь Президенті Александр Лукашенко бірнеше күн бұрын ДХР мен ЛХР егемендігін мойындауға кет әрі еместігін жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу