Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің Украинаға қатысты қарарын қабылдамады. Кеңеске мүше 13 ел қалыс қалған. Олардың қатарында Франция, Британия, АҚШ, Үндістан, Ирландия, Кения, Мексика, Норвегия, Албания, Бразилия, Габон, Гана және Біріккен араб әмірліктері бар.
Жобаны мақұлдау үшін, тұрақты 15 мүшенің 9-ы дауыс беруге тиіс. Оны дайындауға Беларусь, Солтүстік Корея және Сирия өкілдері қатысқан. Онда бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, азаматтық нысандарға шабуыл жасалмайды деп жазылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу