БҰҰ роботтар қызметін қолдануға көшті

525

7 шілде күні әлемде алғаш рет "Адам-робот" конференциясы өтеді.  

БҰҰ роботтар қызметін қолдануға көшті Фото: reuters.com

Біріккен Ұлттар ұйымының жаһандық мақсаттарын орындауға енді роботтар көмектеседі. Олардың кейбірі адамнан аумайды.

Женевада ұйымның технологиялық агенттігі конференция ұйымдастырып, роботтар әлеуетін паш етті. Оның қатарында қариялармен ойын ойнай алатын, адамдардың эмоциясын қайталайтын, есімдерді есіне сақтайтын - түрлі роботтар бар. Олар 7 шілде күні әлемде алғаш рет өткелі отырған "адам-робот" конференциясында толығымен шығады.

Айта кетерлігі, БҰҰ бұған дейін аштыққа жақын аймақтарды анықтау үшін жасанды интеллектті қолданған еді. Ал, роботтар ұйымның 17 тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру үшін көмектеседі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу