Муссон маусымының жақындауына байланысты, Бангладештегі лагерлерде тұратын Мьянмадан келген миллионға жуық босқындарға материалдық көмек қажет. Бұл туралы БҰҰ халық қорының атқарушы директоры Наталья Канем айтты, деп хабарлайды kazislam.kz.
"Біз халықаралық қоғамдастыққа Мьянмадағы Аракан провинциясынан қудаланған Рохинья босқындарына көмектесу үшін қаражат жинауды жеделдетуге шақырамыз", - дейді Канем.
БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы 2018 жылы Аракан босқындары үшін 950 миллион доллар қажет. Оның айтуынша, қазір бұл қаржының 17%-ы ғана жиналған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу