БҰҰ сәуір айында Гаитидегі тәртіпсіздіктерден 600-ден астам адамның қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары кеңсесінің мәлімдемесінде айтылған.
Мәлімдемеге сәйкес, сәуір айында Порт-О-Пренстің әртүрлі аудандарында көшедегі тәртіпсіздіктер кезінде 600-ден астам адам қаза тапты.
БҰҰ сонымен қатар Гаитиге қосымша қолдау күштерін жіберу қажеттілігін мәлімдеді.
Жалпы, Гаитиде жыл басынан бері 846 адам қаза тапты, 395 адам ұрланды, тағы 395 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу