БҰҰ: Сириядағы лагерьлерде азаптауға ұшырағандар арасында қазақстандықтар да бар

1028

Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтарын қорғау жөніндегі 20-дан астам сарапшысы 57 мемлекетке шұғыл үндеу жасады. Олар Сириядағы Аль-Хол және Рог лагерьлерлерінде адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқан жерлестерін елге қайтаруды талап етеді, деп хабарлады Atameken Business.

БҰҰ: Сириядағы лагерьлерде азаптауға ұшырағандар арасында қазақстандықтар да бар

Тәуелсіз сарапшылар Сирияның солтүстік-шығысындағы қоныс аударушыларға арналған лагерьлерде Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты 57 елден 64 мың адам тұрғанын мәлімдеді. Олардың 80 пайызы – әйелдер мен балалар.

Лагерьлердің тұрғындары – террористік топтарға, оның ішінде ДАИШ-ке қатысы бар деген адамдар. Адам құқын қорғау жөніндегі ұйымының қызметкері Фионнуала Ни Аолайн бодандықта отырған мыңдаған адам зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшырап отырғанын айтады. Бұл қорлыққа шыдамай, көз жұмғандар да бар дейді. Сондықтан қауіпті лагерьлерде отандастары бар елдер үшін бұл "ұят тізімі" деп санайды.

Фото: central.asia-news.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу