БҰҰ соты: Әзербайжан Қарабақтағы босқындардың оралуына рұқсат беруі керек

304

19 қыркүйекте ресми Баку Таулы Қарабақта әскери операция бастаған болатын.    

БҰҰ соты: Әзербайжан Қарабақтағы босқындардың оралуына рұқсат беруі керек Фото: Reuters

Әзербайжан қыркүйек айында қақтығыстың шиеленісуі салдарынан қашқан Таулы Қарабақ тұрғындарына үйлеріне оралуға мүмкіндік беруі керек. БҰҰ Халықаралық соты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Баку Таулы Қарабаққа қайтқысы келетіндердің кедергісіз оралуын қамтамасыз етуі тиіс. Сот шешімі бойынша, Әзербайжан қайтып келгендердің қуғын-сүргінге ұшырауына жол бермеуі керек.

Еске сала кетсек, 19 қыркүйекте ресми Баку Таулы Қарабақта әскери операция бастаған болатын. Операция кезінде 100 мың адам Арменияға жаппай бас сауғалап қашып кетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу