БҰҰ: Суданда бала өлімі жоғары

484

Аймақта әскери қақтығыс басталғалы бері 1200-ден астам кәмелет жасына толмаған жан опат болды.

БҰҰ: Суданда бала өлімі жоғары Фото: bbc.com

Суданда бала өлімі көрсеткіштері өсті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы хабарлайды. Аймақта әскери қақтығыс басталғалы бері 1200-ден астам кәмелет жасына толмаған жан опат болды.

Ұйым сарапшыларының зерттеуінше, оған - босқындар лагеріндегі аштық пен қызылша ауруы себеп. Тағы мыңдаған баланың өмірі қыл үстінде, дейді мамандар. Себебі, шамамен 55 мыңнан астам кәмелет жасына толмағандар аштықтан туындаған ауыр дерттен емделуге мұқтаж. Халықаралық гуманитарлық ұйымдар тарапынан жіберілетін көмек күрт азайғандықтан, өлім көрсеткіші бұдан да артады деп күтіледі. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу