БҰҰ: Судандағы қақтығыс тараптары келіссөздерге келісті

564

Келісім атысты тоқтатып, тұрақтылықты орнатуға бағытталады.

БҰҰ: Судандағы қақтығыс тараптары келіссөздерге келісті Фото: UN News

Судандағы қақтығыс тараптарының келіссөздері Сауд Арабиясында өтуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Судандағы қақтығыс тараптары өз өкілдерін Сауд Арабиясында өтуі мүмкін жіберуге келісім берді. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының Судан жөніндегі арнайы өкілі Фолькер Пертес мәлімдеді.

Егер келіссөздер жүргізілсе, онда олар бастапқыда атысты тоқтатудың "тұрақты және сенімді" режимін орнатуға бағытталады, деді Пертес AP агенттігіне. 

Дегенмен ол тұрақты режим орнатуға қатысты келісімнің өз қиындықтары барын ескертті.

Өткен аптадағы уақытша бітімгершілік жасалғанымен, тек бірер аудандарда атыс тоқтады, ал басқаларында қанды шайқастар жалғасын тапты. 

1 мамырда бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандардың санын бақылайтын дәрігерлер синдикаты ұсынған мәліметтерге сенсек, жанжал өршігеннен бері кем дегенде 436 бейбіт тұрғын қаза тауып, 1200-ден астам адам жараланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу