БҰҰ Таяу Шығыстағы текетіреске алаңдап отыр

94

Ұйым шиеленістің гуманитарлық салдарына тоқталды. 

БҰҰ Таяу Шығыстағы текетіреске алаңдап отыр Фото: canva.com

БҰҰ гуманитарлық қызметінің басшысы Том Флетчер Таяу Шығыстағы шиеленістің салдары күрделеніп жатқанын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Caliber.Az агенттігіне сілтеме жасап.

"Аймақта тұрғын үйлерге, ауруханалар мен мектептерге жасалған шабуылдан бейбіт халық зардап шегіп жатқанда, БҰҰ-ның әрекет ету мүмкіндігі шектеледі", – делінген  Том Флетчердің мәлімдемесінде.

БҰҰ гуманитарлық қызметі басшысының сөзінше, әуе кеңістігінің жабылуы ұйым қызметкерлерінің келіп-кетуіне кедергі жасайды. Төтенше жағдайға арналған жоспарлар іске қосылғанымен, Ирандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың шектеулі болуы ахуалды одан әрі қиындатады.

"Энергетикалық бағыттар немесе теңіз дәліздері, соның ішінде Ормуз бұғазы бұғатталса, азық-түлік қымбаттап, денсаулық сақтау жүйелеріне салмақ түседі. Импортқа тәуелді елдерде ең қажетті тауарлар тапшылығы туындауы мүмкін", – деді сарапшы.

Ормуз бұғазы – Иран жағалауындағы тар теңіз өткелі. Осы бұғаз арқылы әлемдік мұнайдың 20 пайызға жуығы тасымалданады. Иран бұғаз арқылы өтуге тырысқан кез келген кемеге шабуыл жасалатынын хабарлады. Шиеленіс салдарынан бұл бағытта мұнай жеткізу іс жүзінде тоқтағандықтан, қара алтын бағасы күрт өсті.

Ливанда Израиль әуе шабуылдарының салдарынан ондаған адам қаза тауып, көп адам өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған. БҰҰ хабарлауынша, 60 мыңнан астам адам 330 уақытша баспанаға орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу