БҰҰ Тәжікстанды ауғандарды мәжбүрлеп депортацияламауға шақырды

544

Ұйым ауғандардың Тәжікстанда пана алуы әділ әрі қол жетімді болуы керек екенін мәлімдеді.

БҰҰ Тәжікстанды ауғандарды мәжбүрлеп депортацияламауға шақырды

БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы Тәжікстандағы ауғанстандық босқындардың жағдайына алаңдайтынын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында бес ауғанстандық отанына депортацияланды. БҰҰ-ның ескертуіне қарамастан, олардың барлығы 23 тамызда Тәжікстанның солтүстік-шығысындағы Панчи поен шекаралық өткізу пункті арқылы Ауғанстанға қайтарылды.

"Тәжікстан босқындарды ұстап, оларды депортациялауды тоқтатуы керек. Бұл – адамдардың өміріне қауіп төндіретін әрекет", – деді басқарма өкілі Элизабет Тан. 

Ол босқындарды мәжбүрлеп қайтару заңға және босқындардың құқығы жөніндегі халықаралық заңнаманың негізі болып табылатын принципке қайшы келетінін айтты.

БҰҰ ауғандардың Тәжікстанда пана алуы әділ әрі қол жетімді болуы керек екенін мәлімдеді.

Ұйымның пікірінше, олардың өз еліне мәжбүрлі түрде қайтарылуы халықаралық құқықты бұзумен пара-пар.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу