Бұл туралы жұма күні БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасы жариялаған Украинадағы адам құқықтары жағдайы туралы баяндамада айтылған, деп жазады inbusiness.kz.
"Украинаның қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) Киев, Ровно, Житомир, Ивано-Франковск, Черновцы, Днепропетровск, Хмельницкая, Черкасс, Волынск, Херсон, Тернополь, Полтава мен Закарпат облыстарында бірнеше монастырьларда, кеңселерде, білім беру мекемелерінде және УПШ-ке тиесілі басқа нысандарда тінту жүргізді. Кейбір жағдайларда УҚҚ офицерлері діни қызметкерлерден полиграфтың көмегімен жауап алды. Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасы мемлекеттің УПШ-ке қарсы әрекеттері бөліп-жаруға әкелуі мүмкін деп алаңдайды. Сондай-ақ, БҰҰ қылмыстық істер бойынша барлық күдіктілердің әділ сот талқылауына құқылы болуын талап етеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, құжатта Киевтің өз саясатын заңды түрде рәсімдеу жөніндегі әрекеттері, оның ішінде УПШ-ке қысымды жеңілдетуді көздейтін үш заң жобасы (№ 8221, № 8262 және № 8371) көрсетілген.
Жақында Украина билігі УПШ-ке тыйым салуды қолға алды. УҚҚ бүкіл елдегі ғибадатханалар мен епархияларда тінту жүргізеді, УПШ діни қызметкерлеріне қарсы мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылып, бірқатар шіркеу иерархтарына санкциялар жарияланды, ел президенті Владимир Зеленскийдің Жарлығымен 13 діни қызметкер азаматтығынан айырылды.