БҰҰ: Украина астығы тиелген алғашқы кеме 29 шілдеде жолға шығады

614

22 шілдеде Ыстанбұл қаласында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдауға қатысты мәміле жасалды.

БҰҰ: Украина астығы тиелген алғашқы кеме 29 шілдеде жолға шығады

Украина астығы тиелген алғашқы кеме 29 шілдеде жолға шығады. Сонымен қатар олар тыңайтқыштарды да тасымалдайды.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз алдымен астық мәселесін қарастырған едік, бірақ келіссөздердің соңғы күндерінде тыңайтқыштар мәселесін де шештік", – деді ол.

БҰҰ мен Түркияның бақылаушылары Одесса портында болады.

"Украина порттарына баратын кемелерді тексеру түрік портында жүргізіледі. Бұл кемелерде контрабанда мен қару жоқ екеніне көз жеткізу үшін қолайлы. БҰҰ мен Түркияның Одессадағы бақылаушылары астықтың жөнелтіліп, кемелердің шығарылғанын қадағалап отырады", – деді ол.

Еске сала кетсек, 22 шілдеде Ыстанбұл қаласында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдауға қатысты мәміле жасалды. Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу