БҰҰ Украинадағы әскерилерді азаптау оқиғаларын тергеуге шақырды

700

24 ақпаннан бері Мәскеу мен Киев тұтқындарды үш мәрте алмастырды.

БҰҰ Украинадағы әскерилерді азаптау оқиғаларын тергеуге шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Мәскеу мен Киевті Украинадағы әскери қызметкерлерді азаптауға қатысты оқиғаларды тергеуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ-ның Украинадағы адам құқығы жөніндегі мониторингтік миссиясының басшысы Матильда Богнердің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Біз барлық материалдарды тексеріп жатырмыз. Бірқатар дерек алаңдаушылық тудырып отыр. Екі жақтың бейнежазбаларын көрдік. Біз тұтқындарға тиісті деңгейде қарау жөніндегі халықаралық құқық пен адам құқығы шеңберіндегі міндеттемелері бар екенін, тұтқынға түскендерді құрметтеу қажет екенін еске саламыз", – деді ол.

Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс басталғаннан бері Мәскеу мен Киев тұтқындарды үш мәрте алмастырды. Соңғысы 24 наурызда жүзеге асты. Тараптар өзара 10 әскериді жеткізді.

Табиғат Нұрболат

Фото: asiantelegraphqatar.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу