БҰҰ: Украинадағы қақтығыс салдарынан 2 909 адам қаза тапты

1560

Оның 1 119-ы – бейбіт тұрғын.

БҰҰ: Украинадағы қақтығыс салдарынан 2 909 адам қаза тапты

Осы күнге дейін Украинағы қақтығыс салдарынан 2 909 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ-ның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ұйымның хабарлауынша, құрбандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. 

Ресми мәліметке сәйкес, оның 1 119-ы – бейбіт тұрғын, 99-ы – балалар. 1 790 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Жараланғандардың арасында 126 бала бар.

"Шиеленіс кезінде ажал құшқандардың саны әлдеқайда жоғары, өйткені қақтығыс болып жатқан жерлерден ақпарат алу қиынға соғып отыр. Мысалы, Мариуполь мен Волноваха, Изюма, Попасная және Рубежный, Тростянецте  бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны туралы мәліметтер бар. Бірақ бұл сандар жоғарыдағы статистикаға енгізілмеді", – деп жазылған БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының мәлімдемесінде.

Табиғат Нұрболат

Фото: unian.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу