БҰҰ: Украинадан ЕО-ға 4 миллионнан астам босқын бас сауғалап қашты

1294

350 мыңнан астамы Ресейге эвакуацияланды. 

БҰҰ: Украинадан ЕО-ға 4 миллионнан астам босқын бас сауғалап қашты

Украинада қарулы қақтығыс басталғаннан бері 4 миллионнан астам адам көрші елдерге қоныс аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ-ның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

29 наурыздағы дерек бойынша, Украинадан келген адамдардың көпшілігі Польшамен арадағы шекарадан өткен. Яғни 2,3 миллионнан астам босқын. 

Румынияға 609 мың, Молдоваға 387 мың украиналық көшті. Шамамен 365 мыңы Венгрия, 281 мыңы Словакиямен арадағы шекаралардан өткен.

БҰҰ мәліметі бойынша, Украинаның 350 мыңнан астам тұрғыны Ресейге, 11 мыңға жуығы Беларусьқа эвакуацияланды.

Бір апта бұрын БҰҰ өкілдері Украинадағы дағдарыс кезінде осы елдің 10 миллион тұрғыны үйлерін тастап кеткенін хабарлады. Нақтырақ айтқанда, елден 3,3 миллион адам кетіп, тағы 6,5 миллионы ел ішіндегі басқа елді мекендерге көшкен.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу