БҰҰ жаңа Бас хатшысы кім болуы мүмкін?

569

Антониу Гутерриштің өкілеттік мерзімі 31 желтоқсанда аяқталады.  

БҰҰ жаңа Бас хатшысы кім болуы мүмкін? Фото: ЖИ көмегімен жасалды

БҰҰ-да жаңа Бас хатшыны сайлаудың шешуші кезеңі басталды. Ұйымның ең жоғары лауазымына Аргентина, Гайана, Коста-Рика, Сенегал, Уганда, Чили және Эквадордан ұсынылған 7 үміткер бақ сынайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

30 шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ұйымның жаңа Бас хатшысын сайлау рәсімі басталды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері – Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ және Франция сынақ дауыс беру кезінде тұрақты емес мүшелермен бірдей бюллетень пайдаланады, яғни бұл кезеңде вето құқығы қолданылмайды.

Үміткерлер саны 3-4 адамға дейін қысқарған кезде тұрақты емес мүшелер ақ түсті бюллетеньмен дауыс беруді жалғастырады, ал тұрақты мүшелерге қызыл түсті бюллетень беріледі.

Егер қандай да бір кандидатқа қатысты қызыл бюллетеньде "қолдамаймын" деген белгі қойылса, бұл оған Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің бірі вето қойғанын білдіреді.

БҰҰ Бас хатшысы 5 жыл мерзімге сайланады және бір рет қайта сайлану мүмкіндігіне ие. 2017 жылдан бері бұл жауапты қызметті Антониу Гутерриш атқарып келеді.

Ұйымның ең жоғары лауазымын атқаруға 7 үміткердің аты аталды. Атап айтқанда: Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси, Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет Херия, Сенегалдың бұрынғы президенті Маки Саль, БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) Бас хатшысы Ребека Гринспан, Эквадордың бұрынғы Сыртқы істер және Қорғаныс министрі Мария Фернанда Эспиноса Гарсес, Гайананың бұрынғы Сыртқы істер министрі Каролин Родригес Биркетт, БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Олара Отунну.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу