БҰҰ жер сілкінісінен зардап шеккендерге 25 миллион доллар бөлді

463

Аталған сома Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге бағытталмақ.  

БҰҰ жер сілкінісінен зардап шеккендерге 25 миллион доллар бөлді Фото: yamalnews

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс халықаралық гуманитарлық қоғамдастық осы дағдарыстан шығудың әр кезеңінде белсенді көмек көрсететінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжарриктің айтуынша, БҰҰ үйлестірушілері бүгін Адана қаласында және ертең Түркияның құтқару топтарына көмектесу үшін Газиентепке барады.

Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен он провинциясында 15 миллион адам тұрады. Олардың 700 мыңы сириялық - босқындар. Сирияның солтүстігінде, Алеппо мен Латакияда 57 мыңға жуық палестиналық босқын жер сілкінісінен зардап шекті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу