БҰҰ: Жыл басынан бері 2 миллионнан астам адам босып кетті

845

БҰҰ: Жыл басынан бері 2 миллионнан астам адам босып кетті

Жыл басынан бері 2 миллионнан астам адам үйлерін тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы  БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссар басқармасының Женевадағы сессиясында баяндалды, деп хабарлайды khabar.kz.

Ұйым басшысы Филлиппо Грандидің айтуынша, соңғы 5 жылда келімсектер саны едәуір артқан. Босқындардың көбі Сириядан шыққан. Оған қақтығыстар себеп болып отыр. Сондай-ақ Жоғарғы комиссар күштеп көшірілгендер елдеріне өз еркімен ғана қайтарылуы керек екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу