БҰҰ жыл соңына дейін 11 млн ауғанстандыққа көмек көрсетеді

627

Ауғанстанға қарсы жаңа экономикалық санкциялар жарияланса, бұл елдегі жағдай ушығуы мүмкін.

БҰҰ жыл соңына дейін 11 млн ауғанстандыққа көмек көрсетеді Фото: reuters.com

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанның 11 млн тұрғынына көмек көрсету үшін 606 млн доллар жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz ұйым жариялаған құжатқа сілтеме жасап.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш 13 қыркүйекте Женева қаласында өтетін конференцияда елдерді қаражат бөлуге үндейді.

"2021 жылға арналған бағдарлама аясында шұғыл гуманитарлық көмек қарастырылған, сондай-ақ жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған шаралар да бар. Жоспарды жүзеге асыру үшін, яғни 11 миллион адамға жәрдемдесу үшін шұғыл түрде 606 миллион доллардай қаражат қажет", – деп жазылған мәлімдемеде.  

Құжатқа сәйкес,10,8 млн адамға азық-түліктік көмек көрсетіледі. Денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар 3,4 млн адамды қамтиды.

БҰҰ Ауғанстанға қарсы жаңа экономикалық санкциялар жарияланса, бұл елдегі жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу